«Театр көктемі – 2014» фестивалінің жеңімпаздары марапатталды

290
"Классикалық шығарманы табысты игеру" номинациясының иегері

Ағымдағы жылдың 2-4-сәуірі аралығында облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Театр көктемі – 2014» облыстық кәсіби театр фестивалі өтті. Оған облыстағы 8 кәсіби театр қатысып, келесі номинацияларға ие болды.

"Классикалық шығарманы табысты игеру" номинациясының иегері
«Классикалық шығарманы табысты игеру» номинациясының иегері

«Жанр табиғатын көркемдікпен меңгеру» номинациясымен облыстық әзіл-сықақ және сатира театрының ұжымы марапатталды. Олар А.Вампиловтың «Метранпаж машақаты немесе әріп терушінің әбігері» комедиясын сахналаған болатын. Жүлдесі – 400 мың теңге.

«Опера – музыка өнерінің шыңы» номинациясы – облыстық опера және балет театры. Е.Рахмадиевтің «Қамар сұлу» операсы (400 мың теңге).

«Классикалық шығарманы табысты игеру» номинациясы -облыстық орыс драма театры. Ғ.Мүсіреповтың «Поэма о любви» қойылымы (250 мың теңге).

«Актерлік ансамблдік тұтастық» номинациясы – Ж.Шанин атындағы облыстық қазақ драма театры. М.Ғ.Ғапаровтың «Қиямет қайым Киото» қойылымы (250 мың теңге).

«Сахнадағы аналар мәртебесі» номинациясы – Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры. Жолтай Әлмашұлының «Ай астындағы алтын шаһар» драмасы (150 мың теңге).

«Шығармашылық белсенділік» номинациясы – облыстық қуыршақ театры. А.Малюченконың «Сказка о любви» қойылымы (150 мың теңге).

«Кейіпкер бейнесін шынайы кескіндеу» номинациясы – облыстық өзбек драма театры. С.Жұмағұловтың «Күйеуіңді беріп тұр» комедиясы (100 мың теңге).

«Өзекті тақырыпты көтеру» номинациясы – Түркістан қаласының сазды-драма театры. Жолтай Жұматтың «Тірі жан» драмасы (100 мың теңге).