Қала көшелері тазаланды

492

Шымкенттіктер сенбі күні,бүкіл қалалық сенбілікке шықты. Қалалықтар өткен аптада соққан дүлей желдің салдарынан сынған ағаштардың сынығы мен күл-қоқысты тазалады.

 

Сенбілікке, әдеттегідей, мектеп мұғалімдері мен оқушылар, жоғарғы оқу орнының студенттері белсене атсалысты. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлерде бір кісідей қатысып, қала көшелерін тазалады.

Әсіресе, қаладағы қоғамдық орындарға көп көңіл бөлінді. Дауылдың кесірінен екі жүзге жуық ағаш құлаған болатын. Сондай-ақ, үш жүзге жуық өскінге зиян келіп, бұтақтары сынды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Q7GoehSQSco[/youtube]

Сынған ағаштардың басым бөлігі саябақтарда болғандықтан, сенбілікке шыққандар алдымен саябақтарды, содан соң аллеяларды тазалады. Қаланың орталық көшелері де құлаған ағаштардан аршылды. Айта өтейік, дауылды күні қалалық диспечерлік қызметке мыңға жуық қоңырау келіп түскен.