Шымкентте «Әуесқойлар» додасы қайта басталды

378

Оңтүстік теннисшілері назардан тыс қалған әуесқойлар жарысын қолға алуда. Демалыс күндері жасы 23-тен асқан әуесқой теннисшілер арасында арнайы турнир өтті. Бұл жолы 17 жерлесіміз ғана додаға қатысуға ниет білдірді. «Бұл ресми жарысқа алғашқы қадам ғана» дейді ұйымдастырушылар алқасы. Сынақтың басты мақсаты – облысымызда тенниспен шұғылданушылардың қатарын көбейту.

Евгений Малахов, жарыс ұйымдастырушысы: «Шымкентте әуесқой тенниспен шұғылданушылар жетерлік. Алайда олардың басын қосып, бір турнирде сынға түсу бұйырмай жүрген болатын. Мұндай жарыс өткізуді көптен бері ойластырып жүрген едік. Әзірге 19 теннисші ғана қатысты. Келесі жолы ниет білдірушілердің қатар арта түсетіні даусыз.»

Бұл жарыс енді жылына төрт рет өтетін болады. Жылдың әр мезгілінде бір жарыстан өтсе, «Әуесқойлар» турнирі дами түсетініне ұйымдастырушылар сенім білдіреді.