Шымкентте дауылдың кесірінен көліктің үстіне ағаш құлады

1025
автокөліктің төбесіне ағаш құлады

Табиғаттың тосын құбылысы шымкенттіктерді біраз әуреге салып жатыр. Жел, әсіресе, жолды бойындағы ағаштарды бел ортасынан сындырып жіберген жағдайлар тіркелді.

автокөліктің төбесіне ағаш құлады
Автокөліктің төбесіне ағаш құлады

Қала тұрғыны Тыныштық Құттыбаева өлім аузынан аман қалды. Демалыс күні өз көлігімен Түркістан және Тоқаев көшелерінің қиылысынан өтіп бара жатқанда үстіне үлкен ағаш құлап кеткен. Ауыр соққыдан азаматша естен танып қалыпты. Әбүйір болғанда аман қалған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=5XLeQTPenwg[/youtube]

Сынған ағаштар

Тыныштық Құттыбаева: «Өзім не болғанын түсінбей де қалдым. Көлігімнен әрең шықтым, жан-жағымнан адамдар келіп көмектесті.»

Қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр

Тыныштықтың айтуынша, денсаулығына ешқандай зақым келмепті. Бірақ, темір тұлпары ауыр соққыдан мінуге жарамсыз күйге түскен. Кешелі бері Шымқалада құлаған тал-дардың орнын тазарту жұмыстары қолға алынды. Қазіргі таңда төтенше жағдай мамандары келген шығынның көлемін анықтауда.