«Асыл армандықтар» балаларға базарлық жасады

444

Қамкөңіл балаларға қамқорлық қажет. «Асыл арман» корпорациясының ұжымы Шымкент қалалық №3 балалар үйінде болып қайтты. Салауатты өмір салтын насихаттаған қамқор жандар балаларға базарлық жасауды да ұмытпады. Әрдайым сый-сыяпатпен келетін «Асыл армандықтарды» балалар асыға күтеді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=2tHDBIs055M[/youtube]

Қамқор жандар жүрек жылуына зәру балғындардың көңілін аулап қана қоймай, салауатты өмір сүру қағидаларымен де бөлісті. «Асыл армандықтар » мектеп табалдырығын аттағалы отырған жас достарын арнайы құттықтап, оларға тарту-таралғы жасады. Ал сыйлыққа қарқ болған болашақ шәкірттер оқуда үздік болуға уәде берді.

Жайма-шуақ жазғы демаласты асыға күткен балалар ойынның қызығына тояр емес. Балалар үйінің дәрігерлері балдаурен балалық шақтың балғын сәтін сезіну үшін, ең алдымен, оларға мықты денсаулық қажеттігін жақсы біледі. «Асыл арман» корпорациясының балаларға арналған дәрумендері мен биологиялық белсенді қоспалары олардың дұрыс жетілуі мен ойлау қабілетінің дамуына оң әсер етуде дейді ақ халаттылар.  Жанға-шипа, дертке дауа өнімдерден күш-қуат алған балғындар өмірде-белсенді, оқуда-озат болып өсіп келеді.