Батыр баба есімін иемденген білім ошағы ҰБТ-да биіктен көрінді

599

Жетісай қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы № 6 мектеп-гимназиясын биыл 54 түлек тәмамдаған. Олардың барлығы да ұлттық бірыңғай тесттілеуге қатысып, 92 пайызы 5 алса, 8 пайызы төрттен төмен түспепті. Ал «Алтын белгіге» 38 оқушы ұсынылып, оның 27-сі өз білімін дәлелдеген. Ал 5 оқушының алтынға 1 балы жетпей тоқтапты. Мұнан өзге 15 түлек үздік аттестатқа ие болмақ. Осылайша мектеп-гимназияның биылғы орташа көрсетіші 113,4 балға жетіп отыр. Мұндай жетістіктің кілті ұстаздарда дейді мектеп директоры.

vlcsnap-2014-06-12-10h02m32s144

Қозыбақ Өмірхан, Бауыржан Момышұлы атындағы № 6 мектеп-гимназияның директоры: «Бұл жерде біздің мұғалімдердің жұмысының сапасы жақсы деп айту керек. Оларды іріктеп аламыз. Негізгі пәндердің барлығынан сол шебер мұғалімдер сабақ береді. Соның нәтижесі. Мысалы, біздің соңғы 5 жылдағы орташа балымыз 110,25 болып тұр.»

Бір қызығы, бұл білім ошағының былтыр 29 бітірушісі «Алтын белгі» тағынған. Жалпы, мектеп 2005 жылы гимназия атағын қосып алғалы 110 оқушы алтынға қол жеткізіпті. Тіпті, облыс орталығындағы іргелі лицей, гимназияларға арман болған нәтиже шалғайдағы ұстаздарға жыл сайын бұйырып отыр.