Кешенді және шығармашылық тестке құжат қабылдау басталды

829

Бүгін талапкерлердің құжаттарын қабылдау басталды. Қабылдау комиссиясы университетке түсетін талапкерлердің құжаттарын, оқуға түсер алдындағы сын емтихандарын және одан әрі қабылдау жұмыстарын жүзеге асырады.

Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік университетінің ғимаратында жұмыс жасап жатқан комиссия үзіліссіз, таңғы сағат 9:00-ден, кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

Айта өтейік, кешенді тест тапсырамын дегендер құжаттарын бүгіннен бастап 9-шілдеге дейін өткізе алады. Ал кешенді тесттің өзі 17-шілде мен 22-шілде аралығында жүргізіледі.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=kwv0hvJicuI[/youtube]

Ал шығармашылық мамандыққа тапсырамын деген талапкерлердің құжаты 1-шілдеге дейін қабылданады. Емтихан 2-ші және 7-шілде аралығында жүреді. ҰБТ тапсырғандардың құжаты шілденің 23 мен 31 аралығында қабылданып, конкурсқа жіберіледі. Қапы қалмаңыз, талапкер.

Мұрат Айтөреев, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы: «Типтік ережеге сәйкес құжаттарды қабылдау басталды. Ережеге сәйкес қабылдау 20-маусымнан 9-шілдеге дейін жүргізіледі. Ал емтихандар 17-шілде мен 22-шілде аралығында өткізіледі. Сонымен қатар шығармашылық мамандықтарға да құжаттар қабылданады. Мысалы, денешынықтыру, өнер мамандығы бойынша, архитектура, дизайн мамандықтары бойынша құжаттар қабылданып жатыр.»