Оңтүстікке Францияның Қазақстандағы елшісі келді

158

Өңірімізге француз елінен бір топ делегация келді. Қазақстандағы Францияның елшісі Франсис Этьеннв бастап келген топ, облыс басшысы Асқар Мырзахметовпен кездесті.

Қазақстан мен Франция арасындағы барыс келісті нығайтып, сауда айналымын жақсартуды көздеген жиын барысында, оңтүстікпен Францияның Рона-Альпа өңірі арасында әріптестік орнату ұсынылды. Рона -Альпа әлемге туризм арқылы танылған. Cондай-ақ, курортты таулы аймақта, тігін өндірісі де дамыған.

Екі жақты кездесу барысында өзара келісімге келіп, инвестиция тарту көзделді. Делегация түстен кейін Шырайлы шымқаланы аралап, ОҚМУ-дың ұжымымен кездесті. Мұнда француз тілін меңгерген студенттер мен оқытушыларға алғыс айтып, әңгіме дүкен құрды.