Қала әкімі ауызашар берді

302
жастар қатары көп болды

Ауыз бекіткен қауымға құрмет көрсетіп, ауызашар беру – сауапты іс. Жылдағы дәстүрге сай қала әкімі Дархан Сатыбалды «Алтын жұлдыз» мейрамханасында бес парыздың бірін орындауға ниет білдірген, қасиетті Рамазан айында ораза тұтқан жамағатқа ауызашар дастарханын жайды.

жастар қатары көп болды

Жергілікті билік өкілдері, зиялы қауым мен дінбасылары ауыз ашып, айлардың сұлтаны Рамазан айының ұлылығын ұлықтады. Дін өкілдері қасиетті Рамазан айымен құттықтап, имандылықты дәріптейтін насихат-уағыз айтты. Он екі айдың сұлтаны болған Рамазан айы Аллаһ Тағаланың мейірім нұры жауатын, сабырлыққа шақыратын кешірім ай екеніне кеңінен тоқталды. Жиналған қауым жергілікті өнерпаздардың орындауындағы әуезді жыр-термелерге де құлақ құрышын қандырып қайтты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=9TPIcKBNdT4[/youtube]