Қажылыққа 5 мың квота

29-018

Биыл қазақстандықтар үшін қажылыққа баруға 5 мың квота бөлінді. Бұл туралы Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мәлімдеді.

Сондай-ақ, ол Сауд Арабиясы билігінің өткен жылы қажылық квотасын белгілі бір себептермен әлем бойынша 20 пайызға кеміткенін айтты. Қазақстан аумағында 11 млн мұсылман бар. Әр 1 млн адамға 1 мың квота берілуі тиіс. Яғни, 11 мың адам қажылық парызын орындау мүмкіндігіне ие болатын. Алайда, қажылық квотасының әлем бойынша 20%-ға кемітілуіне байланысты биыл 5 мың адам ғана қасиетті сапарға аттанады.

Айта кетейік, қажылық қазан айының 1-5 күндері аралығында өтеді. Бас мүфтидің кеңесшісі Хұсейн Шейх Мұхаммедтің айтуынша, Сауд Арабиясын жайлаған инфекциялық аурудан қажыларға келер қауіп жоқ. Қажылармен бірге имамдар және медицина қызметкерлері болады. Қажылыққа аттанар алдын екпе жасату керек.

Жәнібек НҰРЫШ