Кешенді тестілеуде талапкерлерден 2000-нан астам «шпаргалка» алынды

403
талапкерлерден жүздеген көмекқағаздар алынды

Осыдан бірер сағат бұрын кешенді тест тапсырған талапкерлер әрбір балл үшін таласты бастап кетті. Балдық көрсеткішіне көңілі толмағандар арнайы апелляциялық комиссияның көмегіне жүгініп, өздерінің жауаптарының дұрыс екенін дәлелдеуге тырысуда. Дегенмен, апелляциялық шағымның көмегіне жүгінгендер саны аз.

Апелляцияға 20 адам шағымданған
Апелляцияға 320 адам шағымданған

Арнайы комиссия мүшелерінің сөзіне сенсек, тесттің үшінші күні өзінде 20 адам жауапты қайта тексеруге шағымданған. Талапкерлердің басым бөлігі математика, физика және Қазақстан тарихы пәндері бойынша тексеруге арызданып отыр екен.

Самат Мансұров, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі, апелляциялық комиссияның төрағасы: «Біз ешқандай өтінішті әлі Астана қаласындағы ұлттық тестілеуге жіберген жоқпыз. Себебі, жастар бізге келіп, шағымданғанда мұғалімдермен отырып, есепті немесе сұрақты шешкенде, өздерінің қателіктерін мойындап жатыр. Сондықтан олардың өтініштері қанағаттандырылып отырған жоқ.»

талапкерлерден жүздеген көмекқағаздар алынды
Талапкерлерден жүздеген көмек қағаздары алынды

Ал шәкірттердің ендігі бір тобы сынақты бүгін тапсыруда. 22-шілде – кешенді тестілеудің соңғы күні. Таңғы сағат 8:30-дан бастап жиналған талапкерлер сағат тілі 10-ды көрсеткенде ғана аудиторияларына түгел тарасты. Уақыттың бұлай жоғалуын комиссия өкілдері талапкерлердің ұялы телефондар мен көмек қағаздарын аудиторияға алып кіруге талпынғанынан көріп отыр.

Соңғы күні айласын асыруға тырысқан мұндай талапкерлердің санында шек болған жоқ. Тіпті комиссия мүшелері тексеру кезінде табылған 2000-нан аса «шпаргалканы» арнайы қорапқа салып, әкетіп жатты. Бұдан бөлек тестілеудің үш күнінде өзгенің орнына тест тапсыруға талпынған 3 көзбояушы «талапкер» тіркеліпті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=il5sm5_nwCA[/youtube]

Білім және ғылым министрлігі өкілінің сөзіне сенсек, олар жауапқа тартылады. Айта кетейік, ел аумағында ең көп талапкерді қабылдаған №43 тестілеу бекетінде 4 күн бойы бас-аяғы 6127 талапкер тестілеуге қатысуға ниет білдірген.