Мұғалімді өлтірген адамның соты басталды

255
Айыпталушы

Кітаптың кері әсері де болады екен. Мұғалімнің өліміне айыпты деп танылып отырған жас жігіттің әрекеті Достаевский романының оқиға желісімен өрбіген.

Айыпталушы
Айыпталушы

Естеріңізге саламыз, оқиға үстіміздегі жылдың 1-сәуірінде орын алған. Айыпталушы Тимур Ким романдағы Раскольниковті сомдағысы келгендей. Сценариийде кісі өлтіру туралы қамтылмаған болса да жас жігіт шімірікпестен Достоевскийді көп оқып қойдым деп отыр.

Ол екінің бірінің қолынан келе бермейтін ерекше іс жасағым келді дейді. Өз кінәсін толығымен мойындап отыр. Дегенмен, бұл қылмысқа не үшін барғанын айта алмайды. Бар болғаны марқұмның және оның туыстарында қомақты қаражаттың бар екенін білмейтінін айтып ақталуда. Тіпті өз қолынан қаза болған мұғалімді де танымайтынын, тек қызы Анжеликамен таныс болғанын айтады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=T1A5BrCsWDc[/youtube]

«Қарным – тоқ, көйлек – көк, тиын-тебенге бола қылмысқа бармаймын» деп ақталған жас жігіт жағдайды балаша түсіндіреді. Сот залына марқұмның күйеуі, анасы және әжесі келді. Бұл жағдай оның әріптестеріне де ауыр тиген. Ал республикалық сараптама қорытындысы айыпталушының ақыл-есі дұрыс екенін дәлелдеп отыр.

Айта кетейік, айыпталушыны анықтауға марқұмның көршісі көмектескен. Мектеп жасындағы қыз аулада күдіктімен кездейсоқ кездесіп қалған екен.