Оңтүстікте тоналмай сақталған аса кұнды жәдігерлер табылды

Оңтүстіктің археологтары бұрын-соңды кездеспеген тарихи жәдігерлерге тап болды. Ордабасы ауданы, Сарыарық ауылындағы Күлтөбе маңынан тарих жанашырлары осыдан 2 мың жыл бұрын өмір сүрген қаңлы тайпасы мен сармат тайпаларының дәуіріне қатысты адамдардың қорымын ашты.

007

001

Үңгір етіп қазылған (катакомба) 3 қорымнан жалпы саны 12 адамдың мүрдесін анықтаған мамандар оларды б.з.д ІІ – б.з. ІV ғасырларға тиесілі дейді. Қорымда әйелдің де, ер адамның да мүрдесі бар. Қаңқаларға жынысына қарай түрлі әшекей заттар мен бұйымдар тағылған.

004

Тарих жанашырларын ең таң қалдырғаны – ондағы әшекей бұйымдарының аса күрделі әрі жоғары сапада жасалғаны. Мәселен, қорымның бірінде әйел адамның тізбек моншағы бар.

008

Анықтап зер салсаңыз, тастар тау хрусталінен жасалған. Археологтардың дерегіне сүйенсек, хрусталь тасын өңдеу үшін міндетті түрде лазерлік сәуле қажет екен. Ал оның қасында жан-жағы алтынмен көмкерілген ортасында лағыл тас орнатылған мойыналқа (кулон) да бар.

006

Ғалым Александр Подушкин бұл лағыл тастың нарықта 100 мың евро тұратынын айтады. Дегенмен, мәселе құнды заттардың бағасында емес дейді профессор. Сондай күрделі де жоғары сапада бұйым жасай алған біздің ата-бабамыздың өнерлілігі мен білімділігінде.

Ал екінші қорымда жалғыз жатқан әйел адамының қаңқасы бар. Мұндағы адам сүйектері сармат тайпасына тиесілі болуы мүмкін дейді А.Подушкин. Қаңқаның айналасы түрлі заттарға толы. Қоладан жасалған айна, діни рәсімдерді атқаратын заттар, түрлі әшекей бұйымдар мен, тіпті, қой асығы да бар. Және кеуде тұсында цилиндрлі үлгідегі 82 данадан тұратын моншақ та бар.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=2Z8cX4hTVm0[/youtube]

Оны археолог киімге жапсыра тігілген болуы мүмкін деп болжайды. Бұл сол замандағы бақуатты отбасынан шыққан әйелдің денесі болуы мүмкін. Осындай жәдігерлерге қарап маман сол дәуірдегі халықтың әлеуметтік тұрмыстық салтының жоғары, экономикасы қарқын алған ел екенін алға тартады.

Әйел адамының жалғыз өзі жерленген екінші қорым
Әйел адамының жалғыз өзі жерленген екінші қорым
Алтыннан жасалған алқа
Алтыннан жасалған алқа

IMG_1135_1

Александр Подушкин, экспедиция жетекшісі: «Біз ешқашан мәдени жәдігердің мұндай көп әрі әртүрлі үлгідегі бөлігін тапқан емеспіз. Қазір қолымызда 100-ден астам артефакт бар. Олар – әшекей заттары, киімдер, бұйымдар, тайпалық таңбалар мен діни заттар. Одан бөлек қаңлы тайпасына қатысты керамикаға таңбаланған хат таптық. Мұндағы жерлеу дәстүрінің бірегейлігі сол – ондағы жерлеу әдісі жерді үңгіп қазып, оған бірнеше адамның мүрдесін қоюы. Яғни, отбасылық табыт деген сөз. Адамдар қорымының бір тобын 5 метр тереңдіктен таптық.»

Үшінші қорымда 6 адамның сүйегі жатыр. Жерлеудің бұл әдісін археолог сол заманға тән құбылыс дейді. Яғни, бір отбасынан бір адам көз жұмса, жерден үңгір қазып, оны жерлейді. Және оған барар үлкен үңгір жолын жасап қойған. Ол жанұядағы келесі адам өмірден өткен кезде сол қорымға жерлеу үшін ойлап табылған болса керек. Егер мүрде сыймаса, ескі сүйекті былай сырып, орнына жаңасын жерлеген.

Үшінші қорымдағы адам сүйектерінің жанына бұйымдар көп табылған жоқ. Осыған қарап орта не одан төмен таптағы адамдардың қорымы болса керек деп топшылауға болады.

002

Тұрмысқа қажетті заттарды бейіт басына қойғанына қарап, бұл замандағы адамдар пұтқа табынған деген болжам бар
Тұрмысқа қажетті заттарды бейіт басына қойғанына қарап, бұл замандағы адамдар пұтқа табынған деген болжам бар

Күлтөбе

Әзірге археологтар Күлтөбегі үш қорымды ашты. Екі айлық жұмыстың нәтижесінде онда қазір 12 адамның сүйегі жатқан анықталды.

Бейне операторымыз Николай Иванов қызу жұмыс үстінде
Бейне-оператор Николай Иванов бірегей кадрларды түсіріп жатыр

Күлтөбе

Күлтөбе

Тарих жанашырлары енді бабалар мұрасын ғылыми өңдеуге жібереді. Одан соң бүкіл қазба-құндылық Астанадағы мұражайға жеткізіледі. Ал Подушкин бастаған топ қазба жұмыстарын одан әрі жалғастырмақ. Өйткені, мұндағы әрбір төбе бір сырды бүккендей. Себебі, бұл аймақ бір кездері қаңлы мемлекетінің қайнаған өмір орталығы болған.