Оңтүстікте жол апаты азайған

Оңтүстікте жол апатының саны 21 пайызға азайған. Бүгін осындай сүйінші хабар таралды.

Сандарды сөйлетсек, былтырғы жылдың алты айында 1442 жол-көлік оқиғасы тіркелсе, биыл оның саны 34-ке азайыпты. Жол апаттарынан 159 адам көз жұмып, 1880 азамат жарақат алған. Ал былтырғы 6 айда 200 адам жол апатынан қаза тауып, 1967 адам жарақаттанып еді.

Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі Шымкентте орын алып отыр. Ал темір тұлпардың тізгініндегі қайғылы жағдайлар Бәйдібек пен Арыс аудандарында аз тіркелген. Жол апаттарынан көз жұмғандар санымен де көш басында Шымкент келеді. Одан кейінгі орында Сарыағаш ауданы тұр.

Өткен жарты жыл ішінде жол апаттарынан кәмелетке толмаған 21 жасөспірім жазым болса, соның 13-і автокөліктің астына түсіп, о дүниелік болған.