Шымкенттің вокзалы – базар

229

Құрметті «Отырар» телеарнасы! Шымкент теміржол вокзалына бара қалсақ, тура бір базарға барғандай боламыз. Бей-берекет салынған бутиктер, дүкендер, тіпті перронға дейін салып тасталған, адамдар жүре алмайды және отыратын орындық жоқ. Оның орнына бутик және бутик. Билет табу өте қиын, алыпсатардан аяқ басып жүру мүмкін емес. Неге осы Қазақстанның шенеуніктері осындайға қарамайды? Адамдарға мүлдем жағдай жасалмаған, пәре берсең, бутик салып береді. Неге осы жағдай қаралмайды? 27.06.2014ж

(автордың орфографиясы өзгертілді – редакция)