Шымкентте қымбат көлік жанып кетті

280

Шымкентте көлік өртенді. Келеңсіз жағдай Шәмші Қалдаяқов көшесінің бойында орын алды. Бұл жайында суыт хабар өрт сөндірушілердің кезекші бөліміне сағат кешкі 20:30 шамасында түскен.

Оқиға орнына тез арада жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды 10 минуттың ішінде сөндіріп тастады. Дегенмен, осы аралықта көлік толықтай дерлік жанып кетті. Жүргізуші азамат көшенің қарсы бетіндегі дүкенге кіріп шыққан сәтте темір тұлпарының отқа оранғанын көріпті. Айтуынша, біреулер от қойған болуы мүмкін деп отыр.

[youtube]www.youtube.com/watch?v=kBuf96cLIyw[/youtube]

Құдай сақтағанда көліктің ішінде жүргізушіден басқа ешкім болмаған. Сол маңдағы адамдардың да ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Оқиға орнына полиция қызметкерлері де келді.

Айта кету керек, мамандар әдетте өрт көліктің мотор жағынан шығатын дейді. Ал бұл жолы Тойота көлігінің артқы бөлігінен шыққан ұшқын салонды толық шарпып, түк қалдырмаған. Қазір өрттің техникалық ақау салдарынан шыққанын немесе біреудің қасақанаға от қою туралы болжамды полиция қызметкерлері тексеріп жатыр.