Шымкентте алғаш рет жүрек жетіспеушілігіне ота жасалды

469
жыл аяғына дейін бұл ота 5 науқасқа жасалады

Бұдан былай созылмалы жүрек жетіспеушілігі бар науқастарға үш камералы электр стимуляторы орнатылатын болады. Сиқырлы құрылғы ағзаға жүрек қызметін реттеп отырады. Кардиологиялық орталықта Алматы қаласының Кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институтының мамандары жергілікті дәрігерлерге осынау отаның жасалу жолдарын таныстырды.

жыл аяғына дейін бұл ота 5 науқасқа жасалады
Жыл аяғына дейін мұндай ота 5 науқасқа жасалады

Нақты жерге жасалатын наркоз жұдырықтай жүрек түсына жасалғандықтан, отаның қалай өткенін дәрігерлер ғана емес, науқастың өзі де сезіп жатты. Жүрек жетіспеушілігімен ауыратын 52 жастағы сарыағаштық науқасқа үш камералы стимулятор орнатылды. Алматылық хирург-аритмолог Ройн Реквава жергілікті ақ халаттыларға соны операцияның жасалу жолдарын үйретті. Тәжірибелі маман осыған дейін отаның осынау түрін 200 науқасқа жасаған.

Операция залындағы жағдайды кейбір жергілікті кардиологтар сырттан бақылауға да мүмкіндік алды. Бүгінгі шеберлік сабағына қатысқан біздің мамандар алдағы уақытта білімдерін өз тәжірибелерінде сынап көрмек. Жыл аяғына дейін, Алла бұйыртса, орталықта дәл осынау операцияны 5 науқасқа жасау жоспарда бар.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=tZBpzSB7yeo[/youtube]

Созылмалы жүрек жетіспеушілігі көбенесе адам өміріне қауіпті аритмиямен күрделеніп, жүрек соғысыны тоқтатады. Ал мамандар кардиоверертер дефибиллятор деп аталатын мына қондырғы жүрек ахауынан мүгедекке шалдығу жағдайларының алдын алып, өлім-жітім көрсеткішін төмендетеді деп отыр.