Шымкентте тағы бір балабақшаның құрылысы басталды

384

Шымкентте 320 орындық балабақша құрылысы басталды. Шәмші Қалдаяқов және Әліби Жангелдин көшелерінің қиылысында орналасатын бөбекжай, бұйыртса, 2015 жылы қолдануға беріледі.

Бүгінгі таңда іргетасын құю үшін жері қазылып, нығыздалуда. Аумағы 1,2 гектарды құрайтын балабақшаның құрылысын «Жедел құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Биыл іргетасын құйып, қабырғасын көтеруді көздеп отырған мердігер компания бұған дейін бірнеше әлеуметтік нысандарды тұрғызған.

Талғат Бейсенов, «Жедел құрылыс» ЖШС-нің директоры: «Бұл жерде 11 техника жұмылдырылған. Жұмыс күші – 70 адам. Құрылыс барысында қолданылатын материалдар – Отандық өнім.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=DimV1V4Q4Ls[/youtube]

Айта өтейік, «Самал-3» шағынауданында салынып жатқан 320 орындық балабақша 2015 жылы пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, «Тұлпар» шағынауданында да құны 522 миллион теңгені құрайтын 320 орындық балабақша тұрғызылуда. Ал «Қазығұрт» шағынауданында 330 орынға бақша құрылысы басталғанымен, Шымкент қаласының білім бөлімі мен нысанды сенімді басқару үшін тапсырылған азамат арасында сот процесінің жүргізілуіне байланысты тоқтатылған. Ал «Нұртас» шағынауданындағы 320 орында бақшаның құрылысы қарқын алған. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.