Жасөспірімді кене шақты

764
жасөспірімді кене шақты

жасөспірімді кене шақты

Ордабасы ауданының 14 жасар тұрғынын кене шағып, ауруханаға түсті. Дәрігерлер науқастан қырым-қанды безгегінің белгілерін анықтап отыр. Бір қызығы, науқас кене шаққан соң ауруханаға арада 5 күн өткеннен кейін бір-ақ барған. Өзін жайсыз сезінгеннен соң ғана дәрігерлердің көмегіне жүгінген көрінеді. Осыдан кейін дәрігерлер бұл жасөспірімді оқшаулап, облыстық жұқпалы дерт ауруханасына жатқызды.

Айта кетейік, жыл басынан бері осыған ұқсас 4 жағдай тіркеліп отыр. Биыл осы уақытқа дейін 3 мыңнан аса адамды қансорғыш жәндік тістеп алса, былтыр бұл көрсеткіш 4 мың адамнан асып жығылған. Кенеден қорғану жұмыстары тамыз айының 15-нен 25-қыркүйекке дейін жалғасады.