Қайтпастағы төрт көше мемлекет назарынан тыс қалған

Жарығымыз қымбат! Қайтпас шағынауданының тұрғындары мемлекеттен жетпей жатқан электр қуатына байланысты арнамызға шағымданды. Айтуларынша, Қайтпастағы 4 көше 12 жылдан бері жекенің құзырындағы тоқ таратқыштан қуат алып келеді. Қиыны сол – ескі трансформатордың күші 4 көшенің түтініне бірдей жетпейді. Оған қымбат тарифті қосыңыз. Осылайша ондағы жамағат жарымаған жарығы үшін еселеп ақша төлеуге мәжбүр.

Қайтпас елдімекені

Қайтпас елдімекенінің тұрғыны Нұржамал Төлекбаева 12 жылдан бері жарық алып жарымағандардың қатарында. Оның үстіне тұтынбаған электр энергиясы үшін еселеп ақша төлеу де оны жалықтырған.

Нұржамал Төлекбаева, Көмекбаев көшесінің тұрғыны: 1 киловатқа 22-23 теңгеден төлейміз. Осындай ыстықта біз 5 күн жарықсыз отырдық. Тамағымыз ашып, бәрі рәсуә болды.»

Қайтпас елдімекені

Жарықтың мәселесінен шаршаған халық бұл күнге дейін тоқ таратқыш трансформатордың бірнешеуін сатып алған. Бірақ оның да елге берері шамалы. Екі күннің бірінде бұзылып тұрады. Ал жаңасын алуға жергілікті жұрттың шамасы жоқ, ескісін алуға мәжбүр болыпты.

Манасбай Жұрымбаев, тұрғын: «Бұл мәселені қалалық мәслихаттың депутаты Ахметбаев Ғани дейтін жігітке, Сұлтанова Төрайым дейтін кісіге айттым, Көмекбаев Абай дейтін жігітке де айттым. Солардың бәрі мақұлдап келеді де, бірақ осы күнге дейін тиянақты қорытынды болмай келеді.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=W-2dokDT2NY[/youtube]

Ахметбаев, Көмекбаев, Асқаров және Ақынов. Бір қызығы, белгілі тұлғалардың тегін иемденген 4 көшенің жартысы мемлекеттен қуат алса, жартысы жекенің майшелпегі. Бұл қиындықтар туралы коммнуналды шаруашылық қызметкерлері біледі. Бірақ бар уәжі – халық жұмыстар үшін қаржы бөлінгенін күтуі қажеттен аспайды.

Нұрлан Жаманкөз, қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі: «Бізге хат келді 2015 жылдың бюджеттік бағдарламасына кіргізгені туралы. Мен 2015 жылы қаржы бөлінсе, бұл жерде құрылыс жұмыстары басталып, тұрғындар сапалы электр жарығымен қамтамасыз етіледі деп ойлаймын.»

Қайтпас елдімекені

2 мыңнан астам түтінге қосылатын мемлекеттік электр желісінің құны 660 миллион теңгені құрайды. Мамандардың айтуынша, биыл Қайтпас шағынауданына жарық тартылмағанымен, электр қуаты Тассай, Қызылжар, Ынтымақ-2, Азат, Ақтас Және Қайнарбұлақ елдімекендеріне жетеді екен.

Тамара Икрамова, тұрғын: «Өкімет бізге не үшін керек? Басшы не үшін керек, қарапайым халықтың жағдайын жасамаса?! Қарапайым халықтың зар-мұңын шешпесе!  Асқар Мырзахметовтың құлағына жетсе дейміз осы сөзіміз!»