Қызмет көлігіндегі жол апатынан үш полиция қызметкері зардап шекті

238
Шұғыл түсірілім

Шымкентте полицейлер қызметтік көлікпен жол апатына ұшырады. Соның салдарынан үш тәртіп сақшысы жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Шұғыл түсірілім
Шұғыл түсірілім

Келеңсіз жағдай полиция қызметкерлері түн ішінде өздерінің кезекшіліктерінде жүрген кезде орын алды. Жол-патрульдік полициясы экипажының мүшелері қаладан Темірлан бағытына қарай шыққан. Жолдың аяқталғанын байқамай қалған олар бөгетке соғысқан. Соның салдарынан көлік быт-шыт болып қирады. Ал қызметкерлерді жедел жәрдем дәрігерлері ауруханаға жеткізген.

Қазіргі таңда екі сақшының жағдайы жақсарып қалды. Ал үшінші тәртіп сақшысы ауруханада жатыр. Осы оқиға бойынша ішкі істер департаментінің өзіндік қауіпсіздік қызметі тексеру амалдарын жүргізуде.

[youtube]youtube.com/watch?v=x3iP44_0MJ8[/youtube]