Әріптесіміздің еңбегі еленді

499
БАҚ өкілдері марапатталды

Конституция күні қарсаңында әріптестеріміз құрметке бөленді. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшылығы мереке қарсаңында жорналшылар үшін «Отансүйгіштік мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден басталады» атты байқау ұйымдастырып, жеңімпаздарды марапаттады.

БАҚ өкілдері марапатталды
 

БАҚ өкілдері арасында өрбіген сайыста «Үздік автор» және «Үздік тележурналист» анықталды. Облысымыздағы газет, телеарна тілшілері арасындағы бәсекеде «Отырар» телеарнасының тілшісі, әріптесіміз Мөлдір Бекеева да топ жарды. Жас тілші «Үздік тележурналист» наминациясында 2-орынды жеңіп алды.

Әріптесіміз 2-орыннан көрінді
Мөлдір Бекеева

Мөлдір Бекеева, «Отырар» телеарнасының тілшісі: «Қуаныштымын, мерекеден мұндай сыйды күткен жоқпын. Бірақ бұл менің ғана емес, «Отырар» телеарнасының, яғни, біздің ұжымның жеңісі деп білемін. Себебі бір бейнематериалдың өзін эфирге шығару үшін мен ғана жұмыс жасамаймын, ұжым болып қызмет етеміз. Алдағы уақытта халық пен билік арасындағы алтын көпір ретінде біздің ұжым жемісті жұмыстар атқарамыз деп сенемін.»