Ақжайыққа табиғи газ келді

429

Бүгін Шымкенттегі Қайтпас – 2, яғни Ақжайық шағынауданының 500-ден астам отбасына көгілдір отын берілді. Енді жергілікті халықтың біразы газ баллон және көмір жағудан құтылады.

001

Бұл шағынауданға табиғи газ тарту жұмысы 2011 жылдың соңында басталған-ды. Алайда көгілдір отынға қосылатын басты магистраль болмағандықтан, жұмыс тоқтатылған. Енді ішкі жүйедегі жұмыстар жалғасын тапты.  Нәтижесінде 700 түтін көгілдір отынға қол жеткізеді. Осы уақытқа дейін облыс әкімінен бастап қала басшыларының табалдырығын тоздырған тұрғындардың қуаныштарында шек жоқ.

[youtube]http://youtu.be/AGA_C9stVHw[/youtube]