Апатты мектептердің саны азаяды

Облыста мыңнан астам білім ошағы болса, соның 48-і апатты. Облыстық әкімдік білім басқармасымен бірігіп, апатты мектептердің мәселесін шешу үшін нысандарды салу жұмыстарын бастап кетті. Бұйыртса, алдағы жылдары облыс бойынша 32 жаңа мектеп апатты білім нысандарының қатарынан шығады.

апатты мектеп

Биыл облыс бойынша 112 білім нысаны салынып жатса, соның 32-і – апатты мектеп, 21-і – балабақша. Бұдан бөлек саз мектебі мен колледжге қосымша ғимарат салу ісі де бар. Жыл аяғына дейін солардың 42-сі пайдалануға берілсе, оның ішіндегі 14 нысан – мектеп. Жалпы, апатты білім ордалары жөнінен аудандар көш бастап тұр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=l_lhUZCF-ls[/youtube]

Биыл Шымкент қаласының өзінде 23 мектеп пен 5 балабақша және 2 білім нысаны күрделі жөндеуден өтеді. Ол үшін қазынадан 2 миллиард теңгеден астам қаржы қаралған. Ал облыстағы барлық құрылыс жұмыстары үшін облыс бюджетінен 21 миллиард теңгеден астам теңге бөлініпті. Жоспардағы жұмыстар біткен соң облыста апатты 16 апатты жағдайдағы мектеп қалады. Оларды жаңадан соғу алдағы екі жылдың еншісінде.