«ЛТД тұрмыс» жаңа техникалармен толықты

465

«ЛТД тұрмыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жаңа техникалармен толықты. Қаланың тазалығы мен әсемдігіне жауапты бас мекеменің қоймасында енді жаңа 2 суару көлігі және 5 арнайы әмбебап техника бар. Жыл соңына дейін мекемеге ќосымша 10 көлік алу да қарастырылған.

002

Төрт түрлі жұмысты бір өзі атқаратын әмбебап көліктің мүмкіндігі мен сыйымдылығы мол. МАЗ көліктері 1 жылдық лизингпен Белоруссиядан алыныпты. «БелАвтоның» заманауи көліктері енді Шымкент шаһарын қысы-жазы тазалықта ұстап тұрмақ. Бұған дейін серіктестік қорында 130 техника бар еді. Ал мына ерекше темір тұлпарлар қосымша көмек болмақ.

[youtube]http://youtu.be/Mb6fcbFAtDk[/youtube]

«ЛТД тұрмыс» – қала тазалығына қатысты жұмыстын 70 пайызын атқаратын мекеме. Көктемде шаһарды гүлдендіріп, қыста қар тазалып, көліктердің кедергісіз жүруіне жағдай жасайтын жұмысшылар тасқын мен дауыл желде де дамыл таппайды. Осыны ескерсе керек, облыс-қала басшылары мекеменің қосымша көлік алуына қаржы бөліпті.

[youtube]http://youtu.be/tr20WBFo3Ak[/youtube]

«ЛТД тұрмыс» ЖШС-нің балансындағы барлық техника 2006 жылы лизингкке алынған. Мекемені басқарған бұрынғы басшылардың банк алдындағы берешегі бұл күнде толықтай өтеліп, серіктестік екінші тыныспен нәтижелі жұмыс жасап отыр.