Марат Марданұлы мектеп оқушыларына тарту жасады

434
оқушыларға жаңа оқу құралдары табысталды

Шымкент қалалық мәслихаттың депутаты Марат Марданұлы шарапаты зор шараға өз үлесін қосты. Жомарт азамат №24 мектептің әлеуметтік жағдайы төмен және ата-анасының қамқорлығынан қағылған оқушыларына мектепке қажетті оқу құралдарын сыйлады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=r62kiB_kxno[/youtube]

Көл-көсір сыйлықтар мен мейірімді жанар. Бала көңілдің қуанышы. Бұл әсердің барлығы да осында. №24 мектептің оқушылары жаңа оқу жылына жабдықтарын түгендеді. Марат Марданұлы өз атынан шәкірттерге жаңа оқу құралдарын жеткізді. Арасында қаржылай көмекке ие болғандар да бар.

оқушыларға жаңа оқу құралдары табысталды

Назым Райымқұлова, ата-ана: «Қызымды қатардан қалдырмай тізімге іліп, осында шақырып, қаржы бергеніне ризамын. Бұл берген қаражатқа өзіміздікін қосып, мектепке қажеттіні сатып аламыз. Қаламсап, киімді өзіне лайықты қылып аламыз. Және биыл бірыңғай форманы тіктіремін деп отырмын.»

Мектептің 20-ға жуық шәкірті осындай тартуға ие болды. Сый-дорбаның ішінде оқу құралы – өшіргіштен бастап, сапалы мектеп формасына дейін бар. Мұны көрген мектеп оқушыларының жүздері бал-бұл жайнап, жаңа оқу жылының таяп қалғанын сезінді. Ал шарапаты мол шараға осылай атсалысқан Марат Марданұлының көмегі мұнымен шектелмек емес.

ата-аналар мен ұстаздар да демеушілерге алғыс білдірді
Ата-аналар мен ұстаздар да демеушілерге алғыс білдірді

Болат Құрмашев, қалалық мәслихаттың депутаты, М.Марданұлының көмекшісі: «Біз бұл іс-шарамен шектелмейміз, жоспарымызға сай жыл сайын қыркүйекке қарсы мектептерді аралап жүрып, осындай құралдарды таратамыз. Және осы кезде ғана емес, сабақ кезінде де келіп, сыйларымызды үлестіреміз. Мектептің балалары ғана емес, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар, қарттар, мүгедек жандардан да қолдан келген көмекті аямаймыз. Көмек сұраған жерлестерімізге келіп, олардың жағдайымен танысуға қай кезде де әзірміз.»

Жаңа оқу жылына оқу жабдықтарын түгендеп, әзірленген шәкірттерге ұстаздары сәттілік тілесті. Ал оқушылар кеш қонақтарына сыйға сый ұсынып, ортаға шығып өнерлерін паш етті.