«Менің Қазақстаным» ән байқауының жеңімпазы анықталды

Қатысушыларды марапаттау сәті

Іріктеу кезеңі бір айға созылған  Ш.Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» ән байқауы өз мәресіне жетті. Қазылар алқасының шешімімен биыл бас жүлдені Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияның бірінші курс студенті, Шымкент қаласының тумасы – Айбек Қанатбек иеленді. Ән жарысының жүлде қоры – 300 мың теңге.

Қанатбек Айбек- байқаудың Бас жүлде иегері
Қанатбек Айбек

Ал бірінші орынды шымкенттік Марат Айтымбай мен Арыстан келген Ақнұр Мұсаева өзара бөлісті. Екінші орын Шардараның намысын қорғаған Бақберген Омаров пен сарыағаштық Өсербай Бөріхановқа бұйырды. Ал үшінші орынға ілінгендер төртеу. Олар: Жасұлан Төлебай (Ордабасы ауданы), Ержан Темірбаев (Сайрам ауданы), Динара Тұрсынбаева ( Шымкент қаласы) және Серғазы Оразымбетов (Төлеби ауданы). Одан өзге қатысушылар «Менің Қазақстаным- 2014», «Арыс жағасында», «Ақ бантик», «Бақыт құшағында» сынды түрлі жүлделермен марапатталды.

Қатысушыларды марапаттау сәті
Қатысушыларды марапаттау сәті

Осылайша қазақ даласын әнге бөлеп, Шәмшінің әнін шырқаған үздік өнерпаздар белгілі болды. Ал Айбек Қанатбек енді республика көлемінде өтетін «Менің Қазақстаным» ән байқауында облысымыздың намысын қорғайтын болды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Vy19lDyjuLc[/youtube]