Назарбаев зияткерлік мектебіне ұстаздар қажет

310
Зияткерлік мектепте маман тапшылығы әлі де сезіледі

Назарбаев зияткерлік мектебі жаңа мұғалімдермен толықты. Жұмысқа қабылданған қырыққа жуық ұстаз жаңа оқу жылында іске кіріспек. Алайда, мектеп басшылығы маман мәселесі мұнымен шешілген жоқ дейді. Озық білім ордасы әлі де білікті ұстаздарға зәру болып отыр.

Зияткерлік мектепте маман тапшылығы әлі де сезіледі

Ағылшын тілінің мұғалімі Әлима Әбдалимова сынақтан сүрінбей өтті. Енді ол қыркүйектен бастап дарынды балаларға дәріс бермек. Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін үздік бітірген ол қазір білген-түйгендерін пысықтап жүр.

Былтыр маман тапшылығына тап болған зияткерлік мектебі биыл 40 мұғалімді жұмысқа қабылдады. Үш тілді жетік меңгерген, өз ісінің шебері деп танылған ұстаздар арнайы алғышарттар арқылы сайдың тасындай іріктеліп алынды. Мектеп басшылығы білгір мамандарды еліміздің түкпір-түкпірінен іздестірдік дейді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=YaW_QM_y1A8[/youtube]

Қазір мұнда 150-ден аса мүғалім жұмыс істейді. Зияткерлік мектеп жиырмаға жуық маманды шетелдерден аттай қалап алып отыр. Алайда маман мәселесі әлі де түбегейлі шешімін тапқан жоқ. Озық білім ұясы физика, орыс тілі пәнінің мұғалімдеріне зәру.