Облыста 47 нысан жекешелендірілмек

275
жыл аяғына дейін 5 кәсіпорын жекенің меншігіне өтеді

Оңтүстікте жекешелендірудің екінші толқыны басталды. Шара аясында 47 нысанды сату жоспарланып отыр. Шенеуніктер бұл жолы жекешелендіруде бұрыңғы олқылықтар қайталанбайды деп уәде береді. Жаңа технологиялардың арқасында мүлікті жекешелендіруді тіпті үйде ғаламтор арқылы да іске асыруға болады.

жыл аяғына дейін 5 кәсіпорын жекенің меншігіне өтеді
жыл аяғына дейін 5 кәсіпорын жекенің меншігіне өтеді

Бүгіннің өзінде ағылшын әдісімен өткізілген аукционда «Техникалық инпекция» кәсіпорнының 51 пайыздық үлесі сатылған. Сатып алушылардың бірі 1 миллион 63 мың теңгеге ұсыныс жасапты. Облыстық қаржы басқармасы әлі күнге меншік иесін жарияламай отыр.

Ал Кенау қаласындағы «Сәулет және қала құрылысы» ЖШС сату үшін қайтадан аукцион жариланғалы отыр. Арнайы комиссия қалған нысандарды саудаға шығару үшін бағалап жатыр. Жыл аяғына дейін 5 кәсіпорын жекенің қолына өтеді. Қалған нысандарды аукционға шығару 2016 жылдың үлесіне қалдырылмақ.

Жекешелендіру шарасы ашық әрі таза өтеді. Сауда электронды түрде жүргізіледі. Шенеуніктер науқан барысын жіті қадағалап, шалағайлықтарға жол бермейміз деп отыр.

Жекешелендіру шарасы аясында облыста 47 нысан жекенің меншілігіне өтетін болады. Олардың арасында Мұз сарайы, «Ордабасы» футбол клубы, «Алатау» шаңғы базасы, «ЛТД Тұрмыс» және «Жасыл кала» серіктестіктері де бар.