Сайрамдағы кафеде газ баллоны жарылды

488

Сайрам ауданында газ баллоны жарылды. Келеңсіз жағдай кешкі сағат 5-тер шамасында орын алған. Жергілікті кафелердің бірінің ас бөлмесінде тұрған газ баллоны жарылып кетеді.

002Куәгерлердің айтуынша, жарылыстың салдарынан жас қыз жарақат алыпты. Оны сол маңдағы адамдар ауруханаға жеткізген. Өзге адамдар жарақат алмаған болуы керек. Ал жарылыстың күшінен кафе ғимаратының бір жақ шеті қирады. Бөлменің есік-терезесі жұлынып, қабырғаның сылағы түсіп қалған. Шатыр тесіліп, еден бүлінген. Қазір тиісті мамандар осы оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.