Судьялар Конситуция күніне орай марапатқа ие болды

399

Конституция күні жыл сайын кең көлемде атап өтіледі. Бұл – бәрінен де қымбат, бәрінен асыл дүниеміздей заңымызды ардақтаудағы игі қадам. Қоғамдық татулық пен ұлттар тұтастығын сақтауда да маңызы айтарлықтай. Осы мереке қарсаңында заң орындаушы сот органдарының үнсіз қалуы тіптен көңілге қонбас еді.

Бүгін облыстық сот атаулы датаны салтанатты түрде атап өтті. Еліміздің бас құжатының қабылданған күнінен бастап соңғы өзгерістер мен толықтырулары туралы баяндама да жасалды. Сот жүйесінің дамуына елеулі үлес қосып жүрген судьялардың бірқатары марапатқа ие болды.

Жеңіс Мақұлбаев, Мақтаарал аудандық сотының төрағасы: «Судьялардың өмірінде Конституцияның алатын орны ерекше. Өйткені әрбір судья өз жұмысында Ат заңға сүйенеді. Содан кейін Конституцияға сәйкес елімізде қабылданған Заңдарды басшылыққа алады.»