Тойға асыққан төрт көлік соғысты

592

Шымкенттегі Қонаев даңғылының бойында кешкі сағат 19:30 шамасында тойға асығып келе жатқан төрт көлік бір-бірінің артынан келіп соғыпты. Оның екеуінде асабалар болған. Жол-көлік оқиғасына тап болған жүргізушілер өнер адамдары екен.

20140807_2013081

20140807_201326

20140807_201344

Жүргізушілердің өздерінің айтуынша, сахна сәніне айналған азаматтар мұндай жағдайға алғаш рет душар болмапты. Қақтығыс салдарынан «Toyota Camry», «Volkswagen Passat» және «Mercedes benz» автокөліктеріне зақым келген.

Нәтежиесінде, той-думанға асыққандар қуанышқа кешігіп барды. Себебі, екі жарым сағаттай өзара келіссөз жүргізген жүргізушілер «Volkswagen Passat» пен «Mercedes benz» көлігінің қожайындарын кінәлі деп тапты. Аталмыш темір тұлпарларды тізгіндеген азаматтар төрт көліктің де жөндеу жұмыстарын өз мойындарына алды.

20140807_194843

20140807_194915

20140807_194938

Куәгерлердің айтуларынша, жол-көлік оқиғасының орын алуына такси жүргізушісі себепкер болған. Өйткені, үлкен даңғылмен жүйткіп келе жатқан такси жолдың қақ ортасына бірден тоқтапты. Ал оның артынан үлкен жылдамдықта келе жатқан машиналар тежегішті басып үлгермеген.. Бір қызығы, ешбір көлік таксиге соғылмаған. Ал ол оқиға орнынан кетіп қалған деседі.