Құдықта тәулік бойы жатып қалған ер кісі құтқарылды

162
Шұғыл түсірілім

Шымкентте бір кісі тереңдігі 3 метрлік шұңқырға құлап қалған. Кәріз құбырына түсіп кетіп, тәулік бойы шыға алмаған бұл азаматқа құтқарушылар көмекке келді.

Шұғыл түсірілім
Шұғыл түсірілім

Ер кісінің айтуынша, ол Шәмші Қалдаяқов көшесіндегі құдыққа абайсызда құлап кеткен. Айғайлағанына ешкім құлақ аспапты. Тек 1 тәуліктен кейін жасөспірім естіп, құтқарушыларға хабар берген. Төтенше жағдайлар мамандары тереңдігі 3 метрлік құдықтан егде кісіні шығарып, дәрігерлерге тапсырды. Ер кісі денесін ауыртып алғаны болмаса, аман.

[youtube]http://youtu.be/6By655mBTC0[/youtube]