Еңбектен қол үзбеген зейнеткерлер

498
Наталья Обухова

Оңтүстікте еңбек күні мерекесін тойлау жалғасып жатыр. Осы орайда өмірінің құнды жылдарын қызметіне сарп етіп, әлі күнге еңбектен қол үзбей жүрген жерлестеріміз де бар. Еңбек ардагерлері зейнетке шықса да елге қызмет етумен келеді.

Наталья Обухова
Наталья Обухова

Наталья Обухова – облыстық клиникалық ауруханасының еңбеккері. Мұндағы жұмыс өтіліне 32 жылдан асқан. Азаматша науқастарға тамақ таратудан жалыққан емес. Кейіпкеріміз ауруханада жан бағу үшін ғана емес, емделушілердің саулығы үшін де қызмет ететінін алға тартты. Себебі Наталья апайдың зейнетке шыққанына биыл 2 жыл болды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=XcSZaPGF5xs[/youtube]

Наталья Обухова, зейнеткер: «Мұндағы әріптестерім өте жақсы, барлығымыз бір атаның баласындай болып еңбек етеміз. Және таңсәріден бастап әр палатаны аралап жүріп, тамақ таратамын. Мұнда емделушілердің халі нашар, орындарынан тұра алмайды. Сондықтан тамақтарын уақтылы жеткізу – менің басты міндетім. Кей кезде өзім тамақтандырамын. Қанша жыл өтсе де жұмысымнан жалыққан емеспін. Бұл адамдарға деген жанашырлығым болса керек.»

«Еңбек түбі – береке.» Бұл қанатты сөз еңбек ардагері Михаил Козловтың өмірлік қағидасына айналған. Бүгінде жасы 70-ті желкелеген қария қолы қалт ете қалса болды, ауладағы шаруаға кіріседі. Өзінің 50 жылдан астам өмірін қара жұмыспен арнаған кейіпкеріміз темір ұсталығынан бастап, құрылыстағы бар шаруаны басқарған.

Михаил Козлов
Михаил Козлов

Михаил Козлов, еңбек ардагері: «1959 жылдан бастап еңбек етуге білек сыбана кірісіп кеттім. Жасымнан еңбекқор болып өскендіктен, фабрика, зауыт, кәсіпорындардағы қара жұмыстарды таңдамай атқара бердім. Сонда да шаршадым деген жоқпын. Ең бастысы, менің осы еңбектерім еленді. Мынадай құнды медальдармен марапаттады. Шүкір. Адал ақшама отбасымды да асырадым. Мен бақытты зейнеткермін.»

Еңбек етіп, бүгінде ел арасында үлкен құрметке бөленіп отырған зейнеткерлер жексенбі күні, яғни, Еңбек күні мерекесінде марапатталатын болады.