Назарбаев зияткерлік мектептері қайырымдылық акциясына қатысып жатыр

495
көпшілік қорапқа теңге тастады

«Мейірім шуағы». Қаламыздағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің ұжымы осындай тақырыпта қайырымдылық акциясын өткізді. Оқушылар келген қонақтар алдында өнерлерін ұсынды. Жастар арасында танымал болған флэшмоб ұйымдастырды. Білім ұясындағы көңілді тапқырлар клубының ойыншылары әдемі әзілдерін де сахналады.

Оқушылар флэшмоб ұйымдастырды
 

Айта кетейік, бұл шараның мақсаты – кештен түскен қаржыны мүмкіндігі шектеулі балалардың ем-домына жұмсау. 11 жасар мүгедек оқушы Есхан Берікбол қазан айында Мәскеуге ем қабылдау үшін жол тартпақ. Зияткерлік мектептің шәкірттері оның медициналық қондырғыларын сатып алуға үлесін қосуды қалайды.

Мектеп ұжымы концерттік бағдарлама ұйымдастырды
Мектеп ұжымы концерттік бағдарлама ұйымдастырды
көпшілік қорапқа теңге тастады
Көпшілік қорапқа теңге тастады

Айгүл Исмаилова, Назарбаев зияткерлік мектебі директорының орынбасары: «Қайырымдылық акциясы қазір қаладағы барлық Назарбаев зияткерлік мектептерінде өтіп жатыр. Бізге Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі осы шара туралы айтып, хат жазды. Енді біздің тарап та мейірімділік акциясына қатысып, мүгедек жандардың емделуіне өз үлестерін қосамыз.»