Оңтүстікте Еңбек күні форуммен атап өтілді

523
Еңбек ардагерлері марапатталды

Оңтүстікте еңбек күні атап өтілді. Атаулы датаға орай облысымыза жұмыскерлер мен еңбек династияларының облыстық форумы өтті. Шарада еңбек ерлері облыс әкімінің атынан тағайындалған алғыс хаттарға ие болды.

Еңбек ардагерлері марапатталды
Еңбек ардагерлері марапатталды

алғыс хаттар

Мерекеде құрметке бөленгендердің қарасы қалың. Жұмыста көшбасшылық қабілетімен танылған еңбек озаттары мен еңбек ардагерлеріне облыс әкімінің алғыс хаты табысталды.

Боранбек Шүкірбеков, Социалистік еңбек ері: «Мен ауыл шаруашылығында 50 жылдан аса қызмет істеген адаммын. Ауыл-совхозда 50 жылдай директор болдым. КСРО-ның кезінде депутат болып та сайландым. Осы өзіміздің Қазақстандағы талай мекемелерде, талай орындарды абыроймен қызмет атқарып едім. Сол үшін мені бүгін арнайы шақыртып, марапаттап жатыр. Алғысым шексіз.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=_9B6VqcyWQU[/youtube]

Форумға облысымыздағы мекемелердің еңбеккерлері арнайы шақырылған. Мұндағы мақсат – мерекенің жоғары деңгейде бірге атап өту. Бұдан бөлек «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының жүзеге асуы да сөз болды. Облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшылығы бағдарлама бойынша әлі ел арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажет деп отыр. Себебі халықтың қызметке орналасу жөніндегі сауаты әлі күнге төмен. Ал бүгінгі мереке жас мамандарды еңбек етуге шақырады.

Шараға мекемелердің қызметкерлері шақырылған

Бастар Есқараев, облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы: «Кеңес одағы ыдырағаннан кейін біз еңбеккерлерді ұлықтап, олардың қызметтері үшін марапттауды ұмытып қалдық. Сол олқылықтың орны бүгін толғандай. Елбасымыздың жарлығымен Кңбек мерекесі бекітілді. «Еңбек ардагері» медалі де бекітіліп отыр. Бүгінгі мереке – тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Еңбек мейрамы. Сол үшін еңбеккерлерді құттықтағым келеді. Мейрамдарыңызбен!»

Еңбек күні форумы осылай мерекелік сән-салтанатымен тәмамдалды. Мерек аясында еңбекті қорғау заң талаптарын бұзбаған, жалақыны уақтылы төлеп отырған кәсіпорын, мекемелердің аты айрықша атап өтілді.