Облыс әкімі Беймаханбетовтар отбасын қабылдап, көлік тарту етті

494

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Беймаханбетовтер отбасын қабылдады. Асқар Мырзахметов республикалық «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпазы атанған түркістандық отбасын, құттықтады.

004

Аймақ басшысы жеңімпаз отбасы мүшелерін қабылдап, «Отбасы күніне орай Елбасы бастамасымен елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының алғашқы жеңімпазы атануыңызбен облыс жұртшылығы атынан шын жүректен құттықтаймын!» деп, жүрекжарды лебізін білдіріп, облыс әкімдігі атынан автокөлік кілтін тарту етті.

005

«Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Отбасылық құндылықтарды, көпбалалықты насихаттау – бұл біздің мемлекетіміздің ең басты міндеттерінің бірі» деп айқындап, туған жерді қастерлеу, табандылық, еңбексүйгіштік, кішіпейілділік, инабаттылық, мейірімділік сияқты халқымыздың жақсы рухани-адамгершілік құндылықтары өнегелі отбасылар арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқанын атап өтті. Бұл Қазақстан Республикасындағы отбасылық-демографиялық саясаттың дұрыстығының тағы да бір айғағы» деді құттықтау сөзінде Асқар Исабекұлы.

003

Жиын соңында Елтай Беймаханбетов ақсақал көрсетіп жатқан құрмет-қошеметтерге үлкен алғысын білдіріп, облыс басшысына өзі жазған кітабын табыстады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=b0WlV4_MlIs[/youtube]

002

Дереккөз: ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі