Шымкентке цирк келді

475
цирк ұжымында 35 әртіс қызмет етеді

«Мәскеулік-калифорниялық теңіз арыстандары» цирк ұжымы Шымкентте жүр. Өнер тобы көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан, жетім және мүгедек балалар үшін өз өнерлерін тегін ұсынды. Циркке келген көпшілік қойылымның басты кейіпкерімен танысып, суретке түсуді де ұмытқан жоқ.

теңіз арыстаны
Теңіз арыстаны

Кештің басты кейіпкері – теңіз арыстаны деп аталады. Майшабақ балықпен қоректенетін су жануарын көрген балалар мәз-мейрам. Бұдан бөлек көпшілік Татьяна Мащенконың өнеріне тәнті болды. Әртіс 15 жылдан астам өмірін осы цирк саласына сарп еткен. Жануарлардың күрделі нөмірін әзірлеген ару сәтті нөмірдің құпиясымен бөлісті.

Татьяна Мащенко
Татьяна Мащенко

Татьяна Мащенко, цирк әртісі: «Көрермендер мол жиналған залды көріп, қуанып, өнер көрсеттім. Бізге демеу болып отырды. Тіпті ресейлік көреремендер мұндай белсенділік танытпайды. Бұл қолдау жануарарға да әсер етеді. Олар өте сезімтал. Сондықтан бүгінгі нөміріміз жақсы шықты. Иттермен жұмыс жасау өте қиын, себебі, әрқайсысының мінезі әр түрлі. Жаттығуға келгенде де олармен ұзақ уақыт жұмыс жасадым. Енді олар үйренгенін ұмытпас үшін күнделікті 2-3 сағатты осы жаттығу-сабаққа арнаймыз.»

«Мәскеулік калифорниялық теңіз арыстандары» – Ресейлік цирк компаниясының беделді өкілі. Ұжымда 35 әртіс қызмет етеді. Бұдан бөлек мұнда әлемде ең сирек кездесетін жануарлар бар. Бұл цирктің ең басты ерекшелігі болса керек.

цирк ұжымында 35 әртіс қызмет етеді

Бақыт Қуанышбек, көрермен: «Маған маймылдың әрекеті ұнады, өте қызықты. Ақылды. Жүгіріп жүріп, тіпті, адамдар жасай алмайтын қиын қимылдарды да орындады. Ертең тағы да достарыммен бірге келемін.»

Назерке Мергенбайқызы, көрермен: «Циркке келмегеніме біраз жыл болып еді, бүгін балалық шағым еске түсіп кетті. Бір рахаттанып күліп алдым. Сайқымазақтары да балалардың көңілін аулап, ертегілер еліне саяхаттап қайтқандай болдық. Маған ұнады, әсіресе иттердің жылқыға жармасып ойнағандары керемет.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=3cbBc0kn1RE[/youtube]

Цирк ұжымы Шымкентте 12-қазанға дейін болады. Одан кейін өнер тобы Өзбекстан мен Тәжікстанға гасрольдік сапарын жоспарлап отыр.