Шымкентте Бекзат Саттархановқа ескерткіш қойылды

827
Ер есімі ел есінде.

Шымкентте Сидней Олимпиадасының жеңімпазы, атақты былғары қолғап шебері Бекзат Саттархановқа арналған ескерткіш ашылды. Жас та болса ел туын биікке көтере білген спортшының жұлдызы 2000 жылы Сиднейде өткен жазғы Олимпиада ойындарында жанған болатын. Жартылай жеңіл салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз ел қоржынына алтын алқа салған еді. Батыр Бекзаттан кейін бокстан облыс қоржынына алтын медаль салар жан әлі де бола қойған жоқ.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Pi8igkvBWRw[/youtube]

Ендігі мақсат Бекзаттың ізбасарларын тәрбиелеу

Ел мақтанышының есімі Оңтүстіктегі дарынды балаларға арналған спорт интернатына беріліп, биыл оған ескерткіш орнатылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына еліміздің даңқты спортшылары, Олимпиада чемпиондары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Батыр боксшының атымен аталатын спорттық мектеп-интернаттың алдына биіктігі 3 метр мүсін қойылған.

Атақты спортшының ескерткішін ашығу бір қауым ел жиналды

 Ер есімі ел есінде.
Ер есімі -ел есінде

Бекзаттың есімі берілген спорт-интернатының түлектері бүгінде ел намысын түрлі халықаралық жарыстарда қорғап келеді. Бокстан бөлек мұнда жеткіншектер спорттың  7 түрімен шұғылдануға мүмкіндік алған. Өткен жылы ауыр және жеңіл атлетикадан бөлімдері ашылды. Жаңа оқу жылына іріктеу бір ай бойында өтіп, әр топқа сыннан сүрінбей өткендер ғана қабылданады.  Бүгінде 300-ден аса жеткіншек спортпен кәсіби тұрғыда шұғылданып келеді.