Жекеменшік жатақханаға қызыққандар көп

Шымкенттегі «Нұрсәт» студенттер үйіне қабылдау жалғасуда. Жекеменшік жатақхана 120 орынға арнап, қайта жасақталған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=ocbXZdXGJdU[/youtube]

35-010

Бір студентке жатақхана ақысы айына – 15 мың теңге. Мұндағы студент екі мезгіл ыстық тамақпен қамтылады екен. Студенттердің бос уақытын тиімді өткізу жағы да қарастырылыпты. Студенттер үйіне ЖОО және орта арнаулы оқу ордаларының бірінші және екінші курс студенттері ғана қабылданады. Ерекшелігі – жатақхана тек ер балаларға арналған. Өйткені, нысан жігіттерге лайық етіліп салынған.

35-009

35-008

35-007

 

Айта кетейік, жекеменшік жатақхана өткен жылы пайдалануға берілген. Бірақ, ол кезде студенттер тарапынан қызығушылық байқалмағанға ұқсайды. Жатақхана басшылығы «биыл мұнда келушілер саны көбейеді» деп отыр. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Серік Атабаевтың айтуынша, бүгіннің өзінде жатақханаға 70-тен аса студент орналасқан.

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Суреттерді түсірген – Әйгерім БЕГІМБЕТ

«Оңтүстік Рабат», №35, 27.08.2014