Ғылымдағы тың жаңалықтардың тұсауы кесілді

418

М.Әуезов атындағы мемлекеттік университетте өндірістік технологиялар және инжиниринг тақырыбында халықаралық конференция өтті. Әлем ғалымдарының алдында ордалы оқу орнының өнертапқыштары тың жаңалықтарын таныстырды. Сондай-ақ, ЭКСПО-2107 көремесіне ұсынылған 11 жобада ғалымдардың талдауына түсті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Lg5zMPILUGI[/youtube]

Бұл – НАТР жүйесі бойынша ұсынылған жаңа жоба. Өндірісте дайындалатын дәкеге емдік қасиеті алдын ала енгізілген. Ол қалған текстиль өнімдерінен немесе төменгі сорт қалдықтарлан өнідіріледі. Қазіргі таңда жоғары оқу ордасының негізінде ЖШС ашылып, 6 млн. дана қолғап пен төсек жаймаларға тапсырыс түскен.

Ал мынау – энергия көзін пайдалану құралы. Ол күннің сәулесін бір нүктеге жинап, оны энергия көзіне айналдырып, тиімді жаратады. Қуаттылығы жоғары. 120 ватт электр энергиясын алуға болады. Мұндай құрылғы шымкенттіктерге таңсық емес. Оны күнделікті өмірде пайдаланып келеді. Бірақ ол бір орыннан жылжымайды. Ал Әбдішүкір Сарыбаевтың жаңалығы өзгеше. Айрықша ерекшелігі де бар.

Әбдішүкір Сарыбаев, техника ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы: «Бұл құрылғы бір орында тұрмауы керек. Ол күнмен параллель жүріп, өзіне энергия көзін жинау керек. Ал бұл әдіс автоматты түрде жасалған».

Әлемнің 14 елінен жиналған жүзге жуық ғалымдар жаңадан танылған жаңалықтардың жасалымдарымен танысты. Олардың алдында ОҚМУ-дің құны 72 млн. теңгелік 11 жобасы таныстырылды.

Конференцияда талқыланған тың жобалар инжиниринг және өндірістік технологияларда, өндірісте, өнеркәсіпте қолдануға бағытталады.