Құлаған ағаш көлікті басып қалды

542

Шымкентте төрт жасар сәби өлім аузынан аман қалды. Балабақшадан келген балақай мінген көліктің үстіне ағаш құлаған. Жазатайым оқиға Түркістан көшесіндегі 2/5 үйдің ауласында орын алды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Eurmet5HFpY[/youtube]

Абырой болғанда көлік ішіндегі адамдар дін аман. Аулаға келіп тоқтаған көліктен бала шыға бергенде жылдар бойы қараусыз қалған қараағаш құлаған. Баланың қасында әкесі мен әжесі болған. Сау-тамтығы қалмаған көліктен олар тез арада шығып үлгеріпті.

Мұндай жағдай бұл аулада осымен екінші рет орын алды дейді тұрғындар. Жаңбыр суынан діңгегімен опырылып құлаған қараағаш апта бойы жолды жауып қалған екен. Жауапты мекемеге айтылса да сабақ болмаса керек, ауладағы ағаштарды дер кезінде кеспек түгілі, абаттандыру ұмыт қалған. ал тұрғындар Әл Фараби ауданының әкімдігіне өтініш айтып та, жазып та барғандарын айтады.