Құтырудан сақ болыңыз!

682

Шымкентте қаңғыбас иттер көбейген. Ал бұл құтыру ауруын өршітуі мүмкін дейді мамандар. Күні кеше Әл Фараби аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасында құтырудың алдын алу тақырыбында үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Шақырылған сала мамандары адамдардың қауіпсіздігін қамту мақсатында атқырылып жатқан жұмыстарды баяндады.

003

Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің мамандары дабыл қағады. Өйткені қаңғыбас иттерді ауласа да олар азаяр емес. Осыдан екі жыл бұрын жергілікті бюджеттен 20 миллион теңге бөлініп, 12 мыңға жуық қараусыз қалған ит-мысық ауланған болатын.

Қалада кезіп жүрген иттер көп. Әсіресе тұрмыстық қалдықтар тастайтын орындар маңында жиі кездеседі. Қаңғыбас иттер құтыру ауруына шалдықпағанына ешкім кепілдік бермейді. Сондықтан құтыру ауруының алдын алу үшін сала мамандары бірігіп ат салысуы қажет, сонда ғана нәтиже болады дейді эпидемиологтар.

[youtube]http://youtu.be/gmnBQc2wIs8[/youtube]

Құтыру ауруының алдын алуда қоғамның да тигізер көмегі орасан дейді мамандар. Тұрғындар үй жануарларына мейірімділік танытып, оларды қамқорлығына алса, құтыру ауруын тарататын қаңғыбас иттердің қатары азаяр еді.