«Қазақ романсиадасы – 2014» байқауы мәресіне жетті

386
Кеш жүргізушілері

Бүгін «Қазақ романсиадасының аймақтық ашық байқауының» қазылар алқасы жеңімпаздардың тізімін жариялады.

Кеш жүргізушілері
Кеш жүргізушілері

Қазақ романсы орындаушылары арасындағы бірінші орын – Оңтүстіктің қанжығасында. Жеңіске облыстық опера және балет театрының әншісі Мәдіхан Дүйсеева жетті.

Ал орыс романсы бойынша бірінші орынды астаналық талант Расұл Жармағанбетов пен Алматының өнерпазы Салтанат Баймұржанова өзара бөлісті. Әртістік қабілет пен сахнада сүйкімділігімен көпті баурағандар да құр қалмады. Аталған номинацияларды Өзбекстанның өнерпаздары еншіледі. Ташкенттің 23 жасар әншісі Дәлдар Мірсадықова «Романисада аруы – 2014» атағын алды.

Ділдар Мірсадықова
Ділдар Мірсадықова

Алексей Скибин, «Қазақ романсиадасы -2014» аймақтық ашық байқауының көркемдік жетекшісі: «Қазылар алқасы назар салмаған, бағасын бермеген қатысушы болған жоқ. Баршасын әділ бағалады деп ойлаймын. Бірақ төрешілердің шешімімен бас жүлде тағайындалмады. Бұл міндетті номинация емес, сондықтан көңілімізді түсірудің қажет жоқ. Ал Мәскеудегі ақтық байқауға кімнің баратынын бүгін қазылар алқасының төрайымы Галина Преображенская шешеді».

Айта кетейік, Қазақ романсиадасының аймақтық ашық байқауы биыл 17-ші рет қолға алынған. Оған еліміздің өзге де облыстары мен шетелден келген 43 өнерпаз қатысты. Жеңімпаздар сағат 19:00-де өткен қорытынды кеште марапатталды. Бекзат өнердің деңгейі биік болғаны соншалықты, кешкі гала-концертке билеттер 1 ай бұрын сатылып кеткен.