Автобус газ құбырын қиратты

348

Шымкентте жолаушылар автобусы жол апатына ұшырап, газ құбырын қиратты. Оқиға Тастақ көшесінің бойында орын алған.

003
Фото авторы – Антон Данилов

№ 92 бағытта жолаушылар тасымалдайтын автобустың жүргізушісі рөлге ие болмай қалып, жолдан шығып кеткен. Соның салдарынан газ құбырының бұрандасын қиратып кетеді. Жоғарғы қысымды құбырдан шыққан газ тез арада жан-жаққа тарала бастайды.

002
Фото авторы – Антон Данилов

Куәгерлер автобус жүргізушісі мас болған деп отыр. Аяғын әрең басып тұрған ол тұрғындарды балағаттапты.

Оқиға орнына алғаш болып полиция қызметкерлері жетті. Олар жолдың екі жағынан көлік қозғалысын жауып, оқиға орнынан адамдарды алып кетті. Содан кейін газ саласының мамандары келді. Бірақ, автобусқа жақын баруға ешкім бата алмаған.

Осы сәтте қара костюм мен ақ көйлек киген бір кісі (төмендегі суретте) шығып, автобустың астына түседі. Сөйтіп, бұранданы жауып тастады. Өкінішке орай, жергілікті тұрғындар бұл азаматты танымайды.

004
Фото авторы – Антон Данилов

Құдай сақтағанда адамдардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Автобустың ішінде де жүргізушіден басқа ешкім болмапты.