Батыр аналар марапатталды

430

Бүгін Абай ауданында бір топ көпбалалы анаға  «Алтын алқа» және «Күміс алқалары» табыс етілді. Әкімдік өкілдері халық санын көбейтуге ат салысып жүрген аналарды арнайы құттықтап, салтанатты жағдайда жоралғы жасады.

001Енді көпбалалы аналар мемлекеттік жәрдемақыға да қол жеткізе алады. Айта кетейік, бүгінде ауданда 2 жарым мыңнан астам көп балалы ана тұрып жатыр. Жалпы, жыл басынан бері осы ауданда 150-ге жуық ана «Алтын алқа» және «Күміс алқаларға» қол жеткізіп отыр.