«Изуми» сауда желісі тағы бір дүкенмен толықты

469
"Изуми" сауда желісінің жаңа нүктесі

Шымкентте «Изуми» сауда желісі жетінші дүкенімен толықты. Бұл сауда орталығы енді талғамы биік тұтынушыларға ерлер мен әйелдерге арналған еуропалық аяқ киімдер, сапасы жоғары сөмкелер мен көркем аксессуарларды ұсынады. Жаңа дүкен ашылған күні компания басшылығы жерлестеріміз үшін сый-тартуын да жасады.

"Изуми" сауда желісінің жаңа нүктесі
«Изуми» сауда желісінің жаңа нүктесі

Жылдар бойы жерлестерімізге талғамы биік, сапалы, қолжетімді өнімдерді ұсынып жүрген «Изуми» сауда желісінің жаңа дүкені ашылған күні келушілер қатары қалың. Ашылу салтанатына жиналғандар еуропалық аяқ киімдер мен мен сөмкелер және мың көркем акссесуарларды сатып алуға кірісті, Күзгі жаңа түсімдер «Изумидің» тұрақты тұтынушысы Мырзатай Бөлешовтың де көңілінен шықты.

Дүкенге келген көпшіліктің қарасы қалың
Дүкенге келген көпшіліктің қарасы қалың
Жаңа "Изумиде" еуропалық өнімдер саудалануда
Жаңа «Изумиде» уропалық өнімдер саудалануда

Мырзатай Бөлешов, тұтынушы: «Изуми» компаниясына үнемі келіп тұрамын, осы жерден көбінесе киетін киімдерімнің барлығын алып жүрем. Себебі бұл дүкенде өте сапалы киімдер сатылады. Және де еуропалық талапқа сай киімдерді балаларым үшін де аламын. Жаңа дүкеннің ашылғаны да дұрыс болды.»

Сапа, заманауи биік талғам, дүкендегі жанға жайлы қызмет – мұның барлығы «Изуми» сауда желісінің тұтынушылар арасындағы танымалдылыққа және сұранысқа ие болуының құпиясы. Мұндағы әрбір аяқ киім жоғары технологиямен жасалған. Мәселен, ұлтарақ су мен суықтың бәрін өзіне сіңіріп, аяқтың демалуы үшін ауа өткізеді. Сапалы өнімді сатып алу үшін тұтынушыларға мұнда түрлі жеңілдіктер де қарастырылған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=uyeKeecau-c[/youtube]

Өмірәлі Ералиев, «Изуми» сауда желісінің директоры: «Елбасымыздың сындарлы саясатының нәтижесінде қаламыз көркейіп, жаңа ғимараттар мен жаңа дүкендер бой көтеруде. Соның бір жемісі – «Изуми». Дүкен тұрғындардың сұранысы бойынша ашылды. Халықаралық талап пен талғамға сай дүкеннің жаңа үлгісі енді жерлестеріміз үшін қызметін ұсынады. Ғимараттың келбеті, әрленуіне арнайы Ыстамбұлдан маман шақырттық. Енді сапалы еуропалық өнімдерді жаңа дүкеннен де таба аласыздар.»

Жаңа дүкен ашылған күні «Изуми» сауда желісінің тұтынушыларын да тосынсый күтті. Алғаш сауда жасаған 7 адам арнайы сыйлаққа ие болды. Ал қалған тұтынушылар міндетті ұтысы бар лоторея ойынына қатысуға мүмкіндік алды.

Людмила Сератилова, тұтынушы: «Мұндай лотореялар мен жеңілдіктерді көріп, мәз-мейрам болып қалдық. Тек сапалы өнімдерді ғана сатпай, біз үшін керемет сый әзірледі. Бұдан кейін «Изумиді» қалай үздік дүкен демессің!»

Мұндағы еуропалық өнімдердің сапасын Сіз де саралай аласыз. Жаңа дүкен демалыссыз, сенбі, жексенбі күндері де таңғы сағат 09:00-ден кешкі 20:00-ге дейін қызмет етеді. «Изумидің» жаңа сауда нүктесі 11-шағынауданда, Ш.Уәлиханов көшесіндегі №118 үйде орналасқан.