Оңтүстікке Асанәлі Әшімов келді

403
Асанәлі Әшімовпен кездесу

Оңтүстікке арнайы іс-сапармен танымал актер Асанәлі Әшімов бастаған топ келді. Қазақстан кинематографияшылар одағының мүшелері алдымен шекарашылармен кездесті. Жиынның мақсаты – елді қорғап жүрген азаматтарды мәдениет саласындағы жаңалықтардан хабардар ету. Және елімізде соңғы жылдары Асанәлі Әшімов түскен кинотуындылар дәріптелді. Бұған қоса қазақ кино саласының даму деңгейі мен кадрдан тыс қызметтің қызығы мен шыжығы да сөз болды.

Асанәлі Әшімовпен кездесу

Асанәлі аға мәдениет саласы қызметкерлерінің осы саяхаты қазақ киносының негізін қалаушылардың бірі Шәкен аймановтың 100 жылдығы құрметіне арналғанын мәлімдеді. Қазақстан кинематографияшылар одағынан құралған топ алдағы күндері еліміздің бар өңірлеріндегі шекара қызметкерлерімен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

 

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=QYbcBNF3szw[/youtube]