Оңтүстіктің өнерлі ұстазы анықталады

391
Қатысушылардың басым бөлігі - жастар

«Өнерлі ұстаз – 2014». Өңірімізде 3 күннен бері осындай тақырыптағы ұстаздар арасында байқау өтіп жатыр. Сайысқа облысымыздағы мектептердің 100-ге тарта мұғалімі қатысуға тілек білдірген. Әзірге оның 26-сы ғана ақтық сынға жолдама алыпты.

Олардың өнері мен білімін 5 адамнан құралған қазылар алқасы таразылауда. Төрешілердің айтуынша, 4 кезеңде де ұстаздар төрт түрлі киім үлгісімен шығуы керек. Және сахна мәдениетіне баса назар аударылады.

Қатысушылардың басым бөлігі - жастар
Конкурсқа қатысушылардың басым бөлігі – жастар

Бақытжан Ешенқұлов, облыстық білім басқармасының мектеп олимпиадаларын өткізу орталығының директоры: «Биылғы байқаудың ерекшелігі еңбек өтілі аз жас мамандардың да қатысуға мүмкіндік алуында болып отыр. Олар да өздерін танытып, бойындағы талантты көрсетуі керек деп шештік. Және сайыста үміткерлердің бәрі жеңістің тұғырынан көрінбесе де бір-бірімен танысып, тәжірибе алмасады, үйренеді көп дүниені. Сондықтан, байқаудың педагогтарға берері көп».

жанкүйерлер аудан-қалалардан келген
 

Биыл 17-ші рет қолға алынған сайысқа мұғалімдер жіті дайындалып келген. Өзін таныстыру, өнерін көрсету және жаңа сабақ өту бағдарламасын ұсыну сынды кезеңдерден де сүрйінбей өтіп жатыр. Жас мамандар да қалыс қалмай, жаңа технологиямен жаңа дәріс өтудің бағдарламасын жасаған. Айта кетейік, жеңімпаздар жуырда өтетін қорытынды кеште есімі жарияланып, марапатталатын болады.