Шымкентте көмір қымбаттады. Дегенмен, жеткілікті

990

Шымкентте жылу маусымы қарсаңында көмір қымбаттады. Шұбаркөл көмірінің бір тоннасы қазір 10 мың теңгеге сатылуда.

001

Бұл – былтырғы көмір бағасынан 10-15 %, немесе 500 теңгеге қымбат. Негізі, бұдан да арзанын табуға болады дейді мамандар. Бірақ, сапасы нашар болып шығуы әбден мүмкін. Мұны көмір базасының жұмысшылары айтып отыр. Мысалы, бір тоннасы 8 700 теңге болатын көмір қыста бықсып жанып, әбден ығырға салуы мүмкін.

Мамандар биыл Шымкентке 50 мың тонна көмір жеткізілді деп отыр. Қазір қоймада аты аталған Шұбаркөл, Қарағанды, Богатырь жәна Жалын көмірі бар екен. 15 тонна қатты отын бюджеттік мекемелерге таратылып үлгерілген. Қалғанын қала тұрғындары сатып алып жатыр.

Бұған қоса әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларын көмірмен қамтамасыз ету жұмысы жүріп жатыр. Ол үшін қала бюджетінен 1 миллион 300 мың теңге бөлінген. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бұл жеңілдікке 700 отбасы ие болады деп отыр. Көлемі 10 айлық есептік көрсеткіштік болатын жәрдемақыны алу үшін 70 азаматтан ғана өтініш келіп түскен. Мамандар азаматтардың дер кезінде келуін сұрайды.

Әлеуметік бөлім қазан айында – 300, қарашада 400 мұқтаж отбасына тиесілі қаражатын есеп-шоттарына аударады. Ол үшін көмекке мұқтаж отбасының мүшелері өтініш жазулары тиіс.

Шымкент қаласында әлеуметтік тұрмысы төмен деп есепте тұратын 7 мыңнан астам отбасы бар. 2013 жылы мың шаңырақ қыстық отын үшін 10 мың тенгеден жәрдем ақы алған. Биыл қымбатшылықа байланысты қаражат бар болғаны 700 жанұяға беріледі екен. Шаһарда 350 түтіннің табысы, тіпті, кедейшілік шегінен де төмен. Сондықтан да алғаш жәрдемақыны солар алады екен.

Тұрмысы төмен отбасылар қыста жаурамас үшін жәрдемақы да, қоймадағы көмір де дайын. Тек тұрғындар тиісті құжаттарын дер кезінде жеткізсе болғаны.